Өңірлер

Қазақстанның бірнеше облысында дабылды ескерту жарияланды

Кей өңірлерде ертең ауа температурасы 38-42 градусқа дейін көтеріледі деп болжанып отыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым – Sputnik. Қазақстанның басым аумағында аптап ыстық, бұршақ және қатты желге байланысты дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Күндіз Атырау облысында кей жерлерде 42 градусқа дейін ыстық болады. Жоғары өрт қаупі күтілуде. Атырау қаласында да ауа температурасы күндіз 42 градусқа дейін көтеріледі.

Ақтөбе облысында сынап бағанасы 38 градусты көрсетеді, жоғары өрт қаупі сақталады.

Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқырап, бұршақ түседі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін барады деп болжанып отыр. Жоғары өрт қаупі сақталады. Қостанай қаласында таңертең және күндіз найзағай ойнайды.

Қызылорда облысында желдің күші кей жерлерде 15-20 м/с дейін барады. Күндіз өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде – найзағай, бұршақ, нөсер жауын. Батыстан, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай, 15-20 м/с жел күтілуде.

Тағы оқыңыз: Қатты құрғақшылық болады – Қазгидрометтің маусым айына болжамы

Алматы облысында кей жерлерде найзағай жарқырап, бұршақ түседі. Желдің екпіні 23-28 м/с дейін күшейеді. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады, түнде және таңертең нөсер жаңбыр жауады. Талдықорғанда түнде және таңертең найзағай ойнайды, желдің екпіні – 15 м/с.

Қарағанды облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ болжануда. Кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады, өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Батыс Қазақстан облысында 34-39 градус аптап ыстық болады, төтенше өрт қаупі бар.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз найзағай жарқырайды, тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болжануда. Күндіз кей жерлерде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ті құрайды. Кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.