НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым - Sputnik. Нұр-Сұлтанның қаласының бас санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова елордада коронавирустың үнді штаммының таралуын алдын алу мақсатында шектеулерді мақұлдады.
Жаңа шектеулер 27 маусымнан күшіне енеді.
Сауда ойын-сауық орталықтары мен сауда үйлерінің жұмыс уақыты
Сауда ойын-сауық орталықтарының апта ішіндегі жұмыс уақыты 10:00-17:00 аралығына белгіленді.
Ал сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуіне тыйым салынады.
Азық-түлік өнімдері мен бірінші кезекте қажетті заттарды сататын дәріханаларды, шағын маркеттерді, супермаркеттер мен гипермаркеттерді, COVID-19-ға қарсы жаппай вакцинациялауға арналған пункттерді, "Ashyq" жобасына қатысатын кәсіпкерлік нысандарын қоспағанда.
Қоғамдық көліктің жұмыс кестесі
Қоғамдық көлік жұмысы өзгеріссіз қалады: жұмыс күндері және сенбі күні штаттық режимде, ал жексенбіде дезинфекциялық жұмыс жүргізіледі.
Дәмханалар мен мейрамханалардың жұмыс уақыты
Ғимарат ішіндегі мейрамхана, дәмхана, барлар мен асханалардың жұмысы 07.00-20.00 аралығында шектелді. Сенбі мен жексенбіде жұмыс істеуге тыйым салынады. Даладағы ашық жаздық дәмханалар сағат 7:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс істей алады (Ashyq жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда).
Нұр-Сұлтанда базарлар қалай жұмыс істейді
Жабық азық-түлік базарлардың жұмысы жұмыс күндері сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін рұқсат етіледі, сенбі және жексенбі күндері жұмыс істеуге тыйым салынады.
Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда вакцина салдыратындар күрт көбейді – видео
Мемлекеттік органдар (ұйымдар), ұлттық компаниялар, кәсіпорындар әкімшілік персоналының кемінде 80%-ін қашықтықтан жұмыс түріне ауыстырады. Коронавируспен ауырған немесе вакцина алған қызметкерлер әдеттегі тәртіпте жұмыстарын жалғастырады. Бұл ретте соңғы 3-6 ай ішінде COVID-19 -ға қарсы вакцинаның толық курсын алған және COVID-19-бен ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне жол беріледі.
Студенттерге арналған қорытынды емтихандар қашықтан тапсырылады.
Қаулының толық мәтінімен мына сілтеме арқылы танысуға болады.