Қоғам

Алматыда тағы бір адамнан коронавирустың үнді штаммы анықталды

Алматыда жеті жасар баланың үнді штаммын жұқтырғаны белгілі болды 
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым - Sputnik. Алматыда 2013 жылы туған бала коронавирустың үнді штаммын жұқтырды. Бұл жөнінде қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары Лаура Мырзағали мәлімдеді.

Журналистер брифингте Лаура Мырзағалиден кеше коронавирустың дельта-штаммы анықталған әйелдің үйіндегілер де ауру жұқтырған-жұқтырмағанын сұрады.

"Қазір тек екі адам белгілі. Менің білуімше, бұл 1983 жылы туған әйел мен 2013 жылы туған бала. Олар инфекциялық ауруханада жатыр. Отбасындағы басқа адамдардың да  ауру жұқтырғаны туралы әзірше еш мәлімет жоқ. Тек екі адам ғана вирус жұқтырды", - деді оңтүстік астанадағы қоғамдық денсаулық басқармасы басшысының орынбасары.

Сәрсенбі күні хабарланғандай, Алматыда күйеуі үнемі жол үстінде жүретін және ақпан айында коронавируспен ауырып тұрған үй шаруасындағы әйел коронавирустың үнді штаммын жұқтырған.

Оқи отырыңыз: Үнді штаммы: коронавирус жұқтырғандар саны күрт көбейді