Оқиға

Алматыда 5 көлікті ағаш бұтағы басып қалды

Бұған қатты соққан жел себеп болған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 24 маусым - Sputnik. Алматыда Мәметов көшесінің бойында ағаштың бұтағы сынып бес көлікке зақым келді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Алматыда 5 көлікті ағаш бұтағы басып қалды

Қатты желдің салдарынан ағаш бұтағы төменде тұрақта тұрған көліктерге, сондай-ақ Желтоқсан мен Абылайхан көшелерінің арасында Маметов бойында кептелісте тұрған Mersedes-ке құлаған.

Алматыда 5 көлікті ағаш бұтағы басып қалды

Ағаш бұтағы Mersedes-тің артқы терезелерін сындырып, шығын келтірді. Көлік иелері полиция шақырып, тиісті құжаттарды ресімдеді.

Бір күн бұрын Алматыда екпіні секундына 20 метрге дейін жететін жел соғып, жаңбыр жауады деп болжанған.

Оқи отырыңыз: Көкшетауда көпқабатты тұрғын үйдің балконы опырылып түсті – видео

Естеріңізге салсақ, сәуірде қатты желдің салдарынан Көкшетауда балкон құлап, үш көлікке зақым келген болатын.