Әлем

Қатерлі ісікті ерте анықтауға болады – негізгі белгілері қандай

Симптомдардың кейбірі қатерлік ісік ағзаның қай жерінде пайда болғанын түсінуге мүмкіндік береді   
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Онкологиялық аурудың белгілері әртүрлі. Алайда негізгі 15 симптомға қарап, қатерлі ісікті ерте анықтауға мүмкіндік бар, деп хабарлайды Express сайты MSD анықтамасына сілтеме жасап.

Қатерлі ісіктің 15 белгісі: салмақтың азаюы, үнемі шаршап жүру, түнде терлеу, тәбеттің жоғалуы, ауырсынудың пайда болуы, жүректің айнуы мен құсу, қан аралас зәр мен нәжістің шығуы, іштің өтуі, безгектің басталуы, созылмалы жөтел, меңдер мен лимфотүйіндердің үлкеюі,  қабынудың басылмауы мен терідегі шорлардың өсуі.  

Дәрігерлердің айтуынша, қатерлі ісік ерте анықталса, пациентті емдеуге де жеңіл. Жазылып шығуға мүмкіндігі көп болады. 

"Негізі аталған симптомдар көп жағдайда онша қауіпті емес аурулардың бар екенін көрсетеді. Дегенмен қатерлі ісіктің кез келген белгісін елемей жүре беруге болмайды", - дейді мамандар.

15 симптомның ішінде кейбір белгілер онкологиялық ауруға тән болса да, нақты бір органның зақымданғанын көрсетпейді. Алайда тиісті анализ тапсырып, тексерістен өтіп алған жөн. Ал кейбір симптомдар қатерлік ісіктің қай органда өршіп кеткенін түсінуге мүмкіндік береді.

Оқи отырыңыз: Ғалымдар адам өмірін ұзартатын 3 сусынды атады 

Ғалымдар онкологиялық аурулардың адам өліміне жиі себеп болатынын ерекше атап өтті. Мәселен ерлер қуықасты безі, өкпе мен асқазанның қатерлі ісігіне шалдықса, әйелдер сүт безі, өкпе, тоқ және тік ішектің қатерлі ісігімен ауырады. Ал балаларда лейкемия, лимфома немесе ми ісігі жиі анықталады.