Қоғам

Жаңа оқу жылы дәстүрлі форматта өтеді – Тоқаев

Мемлекет басшысы университеттердің, мектептер мен балабақшалардың инфрақұрылымының дайындығын тексеруді тапсырды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл дәстүрлі форматта өтетін жаңа оқу жылына дайындық жұмыстарын қазірден бастап қолға алу қажет екенін қадап айтты, деп хабарлайды Ақорда. 

Оның айтуынша, көптеген білім ордасы бір жылдан астам уақыт толыққанды жұмыс істемеді. Бұл ретте Қасым-Жомарт Тоқаев университеттердің, мектептер мен балабақшалардың инфрақұрылымдарының дайындығын, сонымен қатар оқытушылар мен тәрбиешілер штатының жасақталу деңгейін тексеруді тапсырды.

Бұл туралы президент Ақордада өткен отырыста айтты. 

Оқи отырыңыз: Қазақстандық оқушылардың күзгі және көктемгі демалысы қысқарады