НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев қоғамдық мүлікті бүлдіру, бұзақылық және вандализм сияқты оқиғалардың жиілеп кеткеніне тоқталды, деп хабарлады Ақорда.
"Жуырда елордада мас адам лифтідегі мониторды сындырғаны үшін оған 14 мың теңге ғана айыппұл салынған. Бұлай болмайды. Мұндай іс-әрекет үшін кемінде 15 тәулікке қамау керек немесе 1 жылға түзету жұмыстарына салу жөнінде жаза кесу қажет. Мұндай жағдайларға мүлдем төзбеу керек. Жеңіл жаза жарамайды", – деді Президент.
Іс жүзінде жазаламау салдары құқық бұзушылық пен қылмыстың одан әрі өршуіне алып келеді. Сондықтан ол осы мәселе бойынша заңнаманы қатаңдату керектігін баса айтты.
Оқи отырыңыз: Тоқаев санитарлық-эпидемиологиялық жағдай туралы: "Босаңсуға әлі ерте"