Қоғам

Тоқаев полицейлерді құттықтады

Тоқаев ішкі істер органының әрбір қызметкері әділ, ашық және адал болуы керек екенін айтты
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев полиция қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймын! Қоғамымыз сіздерге жауапты міндет – заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуді жүктеп отыр. Ішкі істер органдарының әрбір қызметкері әділ, ашық және адал болуы керек. Қиын да қатерлі қызметтеріңізге табыс тілеймін!", - деп жазды Тоқаев Twitter парақшасында.

Айта кетейік, 1992 жылы Қазақстан Республикасының жоғары кеңесі "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" заңды қабылдады. Бұл қазақстандық полицияның міндеттері мен функцияларын анықтаған алғашқы құқықтық құжат болды.

Оқи отырыңыз: Тоқаев мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтады

2007 жылы сол кездегі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен 23 маусым полиция күні болып ресми түрде бекітілді.