НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым – Sputnik. Ақтау қаласында жаппай төбелес болды. Оқиғаның видеосы желіде тарап кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Облыстық полиция департаменті таратқан мәліметке сәйкес, жаппай төбелес 22 маусымда "Достар" жағажайында болған. Оқиға орнына бірден патрульдік полиция баталоны аттанды.
Оқи отырыңыз: Тараздағы әйелдер төбелесі видеоға түсіп қалды
"Ақтау қалалық полиция басқармасына 3 жас жігіт жеткізілді. Екеуі кәмелет жасқа толмаған болып шықты. Оларды ювеналды полицияға тапсырды. Тәртіп сақшылары Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 127-бабы (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау) және 434-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша әкімшілік хаттама толтырды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде төбелеске қатысқан басқа да адамдар анықталып жатыр.