ТАЛДЫҚОРҒАН, 23 маусым – Sputnik. Алматы облысында "Ауди-100" көлігі жылқыны қағып өлтірді. Жүргізуші таңданарлық жағдайда аман қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеодан жылқының шетелдік көліктің төбесінде жатқанын, ал оның басы алдыңғы әйнекті тесіп өткенін көруге болады.
Белгілі болғандай, жол апаты 22 маусым күні таңертең Кеген ауданының Саты ауылында болған. Соқтығысу кезінде жануар өлген. Шетелдік көліктің 43 жастағы жүргізушісі аман қалды.
Полиция 37 жастағы мал иесі әкімшілік жауапкершілікке тартылғанын хабарлады.
Батыс Қазақстанда екі адам қаза тауып, 39 жылқы қырылып қалды – видео
Сонымен қатар әлеуметтік желі қолданушылары ауыл жолында үлкен жылдамдықпен жүруге болмайтындықтан, жол апатына жүргізуші кінәлі деп санайды.
"Жылқының кенет жолға шауып шығатынын бәрі біледі. Сондықтан жүргізушілер жол жиегінде жылқы көрсе, жылдамдықты төмендетіп, ақырын өтеді", - деп жазды пікір қалдырғандардың бірі.