НҰР-СҰЛТАН, 23 маусым — Sputnik. Алматыда үнді штаммының таралу ықтималдығы анықталды. Бұл жөнінде Sputnik Қазақстан тілшісіне Алматы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Сәдуақас Байғабылов мәлімдеді.
Бұған дейін хабарлағандай, Нұр-Сұлтанда үнді штаммы 54 науқастан алынған сынаманың 56%-інде алдын ала расталды.
Осыған байланысты елордада қосымша карантиндік шектеулер енгізілетіні белгілі болды.
Қазақстанда "үнді" штаммы анықталды: Мамин шұғыл тапсырма берді
COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия Қазақстанның бас санитар дәрігеріне жаңа талаптар енгізуді тапсырды: COVID-19-ға қарсы вакцинасыз қызмет көрсету саласындағы қызметкерлердің жұмысына, ірі ұйымдасқан ұжымдар (өнеркәсіптік кәсіпорындар) үшін жұмысқа кіруге шектеу енгізіледі, сондай-ақ қызмет көрсету саласының, өнеркәсіп кәсіпорындарының және өзге де ұйымдасқан ұжымдардың қызметкерлері үшін міндетті ПТР-тестілеу талабы енгізіледі. Толығырақ мына жерден оқыңыз.