Әлем

Таңертең мектепке аттестат алуға кеткен қыздың денесі орманнан табылды

Қызды өлтірді деген күдікпен бұрын сотты болған көршісі ұсталды. Милиция қылмысқа қатысты мән-жайды мәлімдеді
Sputnik

АЛМАТЫ, 22 маусым – Sputnik. Қырғызстанның Кемин ауданында 16 жастағы қыздың денесі табылды, оны өлтірді деген күдікпен көршісі ұсталды, деп хабарлады Sputnik Қырғызстан.

Шу облысының ішкі істер басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21 маусымда сағат 17:15-те милицияға орман алқабында зорлық-зомбылық белгілері бар қыздың денесі табылғаны туралы хабар түсті.

Ал 17:30-да жергілікті тұрғын милицияға жүгініп, 2005 жылы туған қызының таңертең үйден шығып, содан бері оралмағанын айтқан. Милиция жоғалған қыздың кісі қолынан қайтыс болған жасөспірім екенін анықтады.

Қызылорда облысында каналдан жоғалған қыздың денесі табылды

Милиция қыздың анасынан жауап алды. Оның сөзінше, қыз таңғы 8:30-да мектепке аттестат алу үшін кеткен. Шамамен 10:59-да көршісінің телефоны арқылы хабарласып, учаскедегі суару жұмыстарынан кейін үйіне оралатынын айтқан. Алайда сол күйі оралмаған.

Кісі өлтірді деген күдікпен 42 жастағы ер адам ұсталды. Ол бұрын бұзақылық пен алаяқтық үшін сотталған.

Құқық қорғау органдарының қызметкерлері сағат 11:00-де қыз анасына қоңырау шалу үшін көршісіне барғанын анықтады. Ер адамның айтуынша, содан кейін қыз көршісінен ақша сұраған, ал ол сол сәтті пайдаланып, тиісе бастаған.

"Қыз айғайлай бастаған, ал күдікті қорқып, оны тұншықтырып өлтірген. Содан кейін көршісінің көлігін сұрап, қылмысты жасыру үшін қыздың денесін орманға апарып тастаған", - деп мәлімдеді құқық қорғаушылар.

Сараптама тағайындалды, күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.