Ресей елшісі Ұлы Отан соғысындағы жеңіске үлес қосқаны үшін Қазақстанға алғыс білдірді

Ресей Қазақстанда Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орайластырылған іс-шаралар топтамасын өткізеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. Ұлы Отан соғысының басталғанына 80 жыл толуына орай Ресейдің Қазақстандағы төтенше және уәкілетті елшісі Алексей Бородавкин Нұр-Сұлтандағы Отан қорғаушылар монументіне гүл шоқтарын қойды.

"Ұлы Отан соғысы, Гитлердің Кеңес Одағына шабуыл жасауы бүкіл кеңес халқы үшін үлкен апатқа айналды. Бұл отандық соғыс болғандықтан, барлық халық өз Отанын қорғауға білек сыбана кірісті және Қазақстан да шет қалған жоқ. Біз Қазақстанның Ұлы Отан соғысының шайқас даласындағы, соғыс үшін қажетті қару-жарақ пен әскери техника, азық-түлік өндірісіндегі үлесін ұмытқан жоқпыз. Осы үшін рақмет!", - деді Бородавкин ескерткішке гүл қою салтанатынан кейін.

Ресей елшісі Ұлы Отан соғысындағы жеңіске үлес қосқаны үшін Қазақстанға алғыс білдірді

Ол Ұлы Отан соғысы мен ондағы жеңіс – бұл "даңқ пен мақтаныш" екенін еске салды.

Оның айтуынша, Кеңес одағына шабуыл жасауға тек Германия емес, іс жүзінде бүкіл Еуропа қатысты: СС-ке (неміс тіліндегі Schutzstaffeln (SS) – күзет жасақтары) барлық дерлік еуропалық мемлекеттің азаматтары мүше болды.

"Фашистік Германияны жеңу және Еуропаны азат ету үшін алғыс біздің еуропалық әріптестеріміздің жүрегінде сақталады деп ойлаймын. Алайда қазір Еуропада болып жатқан жағдай бұл ақиқатты растай алмай отыр", - деді Бородавкин.

"Қазір бізге күш көрсетіп, ережелерге негізделген қандай да бір тәртіпті міндеттеуге тырысып жатқандар бар. Біз мұны басымыздан өткізіп көрдік және Екінші дүниежүзілік соғыс Ресейге қысым жасаудың жақсылыққа алып келмейтінін паш ететін сабақ болуы керек", - деді Ресейдің Қазақстандағы елшісі.

Ресей елшісі Ұлы Отан соғысындағы жеңіске үлес қосқаны үшін Қазақстанға алғыс білдірді

Тура 80 жыл бұрын фашистік Германия Кеңес Одағына басып кірді. 1,2 миллионға жуық қазақстандық соғысқа аттанып, 600 мың сарбаз қаза тапты.

Русский дом Ұлы Отан соғысы басталған күнге арнап еске алу іс-шараларының топтамасын ұйымдастырып отыр. Ол шаралар 22 маусымда Нұр-Сұлтанда басталады.

Ресей елшісі Ұлы Отан соғысындағы жеңіске үлес қосқаны үшін Қазақстанға алғыс білдірді

22 маусымда сағат 12:15 – "Үнсіздік минуты". 1941 жылы дәл осы уақытта фашистік Германияның Кеңес Одағына шабуылы туралы хабарлама тарады.

22 маусым сағат 16:00-де Нұр-Сұлтандағы Русский домда "Не? Қайда? Қашан?" интеллектуалдық ойыны қағидасы бойынша турнир өтеді. Жоба Қазақстанның Ядро қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылады.

22 маусымда "Артымызда Мәскеу. Офицер жазбалары" жобасы іске қосылады.

22 маусым – 8 шілде – Қазақстандық танымал суретші Ләйла Махаттың "Анамның жаулығы" Халықаралық арт-жобасының аясында бүкіл әлемдегі әйелдер видеоүндеу жолдайды.

Сондай-ақ, еске алу шаралары Қазақстанның басқа қалалары - Алматы, Атырау, Қарағанды, Көкшетау, Қостанай, Қызылорда, Павлодар, Петропавл, Семей, Степногорск, Талдықорған, Тараз, Теміртау, Өскемен және Оралда да өтеді.