Әлем

ҰОС жылдарында кеңес халқы адамгершілік құндылықтарын сақтауға тырысты - БАҚ

Осыдан 80 жыл бұрын континентальды "біріккен Еуропаның" барлық күші Кеңес Одағына қарсы соққы жасады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 22 маусым – Sputnik. "Дортмунд" деген код сөзінен кейін неміс агрессоры шырт ұйқыда жатқан қалашықтарға, ауылдарға және әке-шешеміз бен ата-әжелеріміз жатқан үйлер оқ астында қалды, деп жазды РИА Новости.

Осыдан 80 жыл бұрын континентальды "біріккен Еуропаның" барлық күші Кеңес Одағына қарсы соққы жасады. КСРО-ға Францияның машина жасау өндірісі, Норвегияның болат құю өнеркәсібі қолдайтын вермахт әскері шабуыл жасады, румын авиациясы әуеге көтеріліп, гитлерлік офицерлер хорваттық әскери бөлімшелерге де бұйрық беріп отырды.

Радио хабарламаны оқыған Йозеф Геббельс "1941 жылдың 22 маусымында Еуропа большевистік кеңестік Ресейге қарсы тұруға бекінді" деп атап өтті.

Берлин вермахт пен нацизм жеңетініне еш күмәнданбады. Бірақ кеңестік күш төтеп бере алды.

ҰОС басталуының 80 жылдығына орай Путиннің мақаласы жарық көрді

Соғыс жазушысы Константин Симонов Ұлы Отан соғысы басталғаннан кейін бесінші күні Батыс майданға келіп, шекарашы офицермен сөйлескен. Ол заставадағылардың барлығы көз жұмғанын айтқан. Дәл сол күні "Барбаросса" жоспарын әзірлеушілердің бірі – генерал Гальдер өз күнделігінде "Майданнан жеткен мәлімет орыстар соңғы адамы қалғанша шайқасып жатқанын растайды" деп жазды.

Рейхтың бұрынғы генералитетінің бағалауы еуропалық билік пен халықтың 1940 жылы бес аптаның ішінде нацистерден жеңіліс табуына негізделді: Нидерланды корольдігінде капитуляцияға 14 мамырда, Бельгия корольдігінде 28 мамырда, Францияда 17 маусымда қол қойылды.

Вермахт сарбаздары еуропалық елордаларға басып кіріп жатты. Алайда бұл қанды қырғыннан Еуропа елдерін азат ету үшін Кеңес одағының әскері әрекет еткенін бүгінде біреулердің жоққа шығарғысы келеді.

Кеңестік жауынгерлер Венадағы Штраус бейітіне гүл қойса, вермахт әскерінде қызмет еткендер Пушкин мазарына мина қойып жатты.

Нацистер Ленинградты қоршауда қалып, батыр қала тұрғындары көз жұмған балаларын жер қойнына тапсыру үшін мазар басына шанамен жеткізді. Ал Берлин коменданты генерал Берзарин неміс балаларының уақытылы сүт ішуін қадағалау туралы бұйрық берді.

80 жыл бұрын басталған соғыс созылған 1 418 күннің барлығында біздің халық Майданека мен Освенцимадағы крематорий пештерін тоқтатып, Краковты жойылудын құтқарып, Дрезден галереясын су басудан аман алып қана қоймай, адамгершілік пен гуманизмнің құндылықтарын айшықтай отырып өткізді.

Ұлы Отан соғысы қалай басталды

Алайда Еуропа бұл ақиқатты жоққа шығарғысы келеді. Ол әрбір соғыстан кейін "Енді ешқашан!" деп ұрандатқанмен, артынша-ақ тағы басқа соғысқа ден қоятын. Ол Солтүстік және Батыс Африкадағы тәуелсіздікті жақтаушылармен соғысты. Ол Индоқытайда соғыс әрекеттерін жүргізді. Одан кейін Югославияға кезек жетті де, араға он жыл салып Украинада дүрбелең басталды. Бұл екі жағдайда да соғыс басталуына итермелеу әрекеттері көрініс табады.

Біздің ата-бабамыздың, азаматтарымыз бен жақындарымыздың ерлігін жоққа шығаруға тырысу тарихқа жасалған қиянат болатыны анық. Сондықтан "Ресейдегі милитаризм" туралы сөздің барлығы нацизмді ойсырата жеңген елге деген қызғаныш ретінде бағаланады.