1941 жылдың 22 маусымы жаздың жаймашуақ күні еді. Сондықтан Кеңес Одағына қарсы соғыс басталғаны туралы суық хабар осы күнгі көңіл-күймен үйлесім таппады.
Әйтсе де бұл күн адамзат тарихындағы миллиондаған адамның өмірін жалмаған сұрапыл соғыстың бастауы болды.
Соғыс жылдарында Қызыл армия қатарына бұрынғы КСРО-дан 35 миллион адам жұмылдырылды. Майданға 1 миллион 200 мың қазақстандық шақырылды.
1941-1945 жылдар аралығында бұрынғы КСРО-ның 27 миллион тұрғыны көз жұмды.
Ресми мәліметке сәйкес, 271 қазақстандық әлі күнге дейін Ұлы Отан соғысы жылдарында із-түссіз жоғалғандар есебінде тұр.
Архивте сақталған бұл суреттер соғыстың алғашқы күндерінде адамдардың алаңдаушылығы мен үрейін, айналадағы жағдайды боямасыз көрсетеді.