АЛМАТЫ, 21 маусым – Sputnik. Британиялық Джейсон Келк 15 ай бойы коронавируспен ауырып, содан кейін ем алуды жалғастырудан бас тартты, деп хабарлайды РИА Новости Daily Mail-ге сілтеме жасап.
Аурумен ұзақ уақыт бойы арпалысқан Келк отбасымен қоштасып, емделуден бас тартты. Моральдық жағынан күресуден шаршаған ол 18 маусымда қайтыс болды.
Ұлыбританияда тағы бір ерекше жағдай болды. Коронавирус жұқтырған 64 жастағы Брайан Мирнс 172 күн бойы жансақтау бөлімінде жатты. Дәрігерлер оның отбасын ауруханаға науқаспен қоштасу үшін 4 рет шақырған. Себебі олар науқастан айырылып жатырмыз деп ойлаған. Алайда ер адам есін жиды.
Ол тағы бір халықаралық әкелер күнінде (20 маусым) қыздарының жанында болғанына бақытты екенін, жазылған соң отбасымен бірге гольф ойнайтынын айтты.