Денсаулық

Сүзбені қандай өнімдермен араластырып жеуге болмайды – дәрігер кеңесі

Дәрігердің айтуынша, май мөлшері жоғары – ең болмағанда 5 проценттік сүзбені таңдау керек
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Ресейдің Челябі қаласындағы "Борменталь" клиникасының салмақ тастау жөніндегі маманы Павел Исанбаев сүзбені қандай өнімдермен араластырып жеуге болмайтынын айтты, деп хабарлады РИА Новости.

Балмұздақты қалай таңдау қажет – диетолог кеңес берді
Маманның айтуынша, қан құрамында қант деңгейі жоғарылаған адамдар сүзбені қарапайым көмірсулармен, мысалы, тосап, бал немесе тым пісіп кеткен бананмен араластырмауы керек.

Павел Исамбаев сүзбеге көк (зелень), болгар бұрышын қосып жеген пайдалы екенін атап өтті немесе май мөлшері жоғары – ең болмағанда 5 проценттік сүзбені таңдау керек. Тағы бір пайдалы тәсіл – сүзбеден бұрын көкөністер жеу. Оның айтуынша, жасұнық инсулиндік реакцияны төмендетеді.

"Сондай-ақ, майлылығы 9 проценттік немесе қаймақ қосылған сүзбе майсыз сүзбеге қарағанда пайдалы", - деп түйіндеді Павел Исанбаев.