Қоғам

Cиноптиктер алдағы күндері ауа райы қандай болатынын айтты

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 22-24 маусымда елдің батысында күн ыстық болады, жауын-шашын түспейді. Республиканың қалған аумағына солтүстік циклон әсер етеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 21 маусым – Sputnik. Елімізде алдағы үш күнде батыста күн ыстық болады, ал республиканың қалған аумағында күн суытады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 22-24 маусымда елдің батысында күн ыстық болады, жауын-шашын түспейді.

Осы аралықта республиканың қалған аумағына солтүстік циклон әсер етеді. Соған сәйкес, найзағай ойнап, бұршақ жауады. Екпінді жел болып, солтүстікте, шығыста және оңтүстік-шығыста қатты жаңбыр жауады.

Солтүстікте, шығыста және орталықта температура фоны түнде 5-13°C, күндіз 12-23°C жылы, оңтүстік өңірлерде түнде 12-22°C, күндіз 24-35°C жылы болады. Ал батыста түнде 15-25°C, күндіз 34-42°C ыстық болады.

Мегаполистегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда 22 маусымда көшпелі бұлт шығады, түнде өткінші жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан түнде 5-10, күндіз 9-14 м/с жылдамдықпен жел соғады. Ауа температурасы түнде 7-9°C, күндіз 17-19°C жылы болады.

23 маусымда көшпелі бұлт шығады, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді, ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 15-17 градус жылы болады.

24 маусымда көшпелі бұлт шығады, арасында жаңбыр жауады, күн күркірейді. Батыстан, солтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады, екпіні 15-20 м/с-ге жетеді, ауа температурасы түнде 7-9°C, күндіз 13-15°C градус жылы болады.

Алматыда 22 маусымда таңертең және күндіз жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан 3-8 м/с жылдамдықпен жел соғады, күн күркіреген кезде екпіні 15 м/с-ге жетеді. Ауа температурасы түнде 15-17°C, күндіз 23-25°C градус жылы болады.

23 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде 13-15°C, күндіз 25-27°C градус жылы болады.

24 маусымда көшпелі бұлт шығады, кейде жаңбыр жауады, күн күркірейді. Шығыстан соққан жел 2-7, күн күркіреген кезде екпіні 12 м/с болады. Ауа температурасы түнде 15-17°C, күндіз 25-27°C градус жылы болады.

Оқи отырыңыз: Қатты құрғақшылық болады – Қазгидрометтің маусым айына болжамы

Шымкентте 22 маусымда аздаған бұлт шығады, жауын-шашын болмайды. Солтүстік-шығыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, таңертең және күндіз екпіні 15-20 м/с-қа жетеді. Ауа температурасы түнде 14-16°C, күндіз 29-31°C градус жылы болады.

23-24 маусымда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашын жаумайды. Батыстан 8-13 м/с жылдамдықпен жел соғады, ауа температурасы түнде 15-17°C, күндіз 30-32°C градус жылы болады.