Өңірлер

Атырау облысының әкімі журналистерге неге үйде тамақтанбайтынын айтты

Журналистер Атырау облысының әкімінен отбасының ай сайын азық-түлікке қанша ақша жұмсайтынын сұрады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 20 маусым – Sputnik. Атырау облысының басшысы Махамбет Досмұхамбетов үйінде тамақ ішпейтінін айтты.

Журналистер өңір әкімінен отбасының ай сайын азық-түлік сатып алуға қанша теңге жұмсайтынын сұрады.

Досмұхамбетов өзі Атырауда, ал балалары мен немерелері елордада тұратынын айтты.

"Әйелім кейде менімен, кейде олармен тұрады. Мен үйде тамақтанбаймын", - деп келтірді әкімнің сөзін "Ақ Жайық" өңірлік басылымы.

Досмұхамбетов облыс пен қаланың барлық мәселесінен хабардар екеніне сендірді. Картоп пен сәбіз бағасы маусымаралық кезеңге байланысты өсіп жатыр, деп санайды ол.

Атырау облысының әкімі журналистерге неге үйде тамақтанбайтынын айтты

Қазір картоп Қазақстанның оңтүстік облыстары мен Ресейдің көршілес өңірлерінен жеткізіледі. Өнім бағасы төмендеуде, дүкендерде бір келісіне 310 теңге сұрайды, деп нақтылады облыс әкімі.

Атырау облысы картоппен тек 44%-ке қамтамасыз етілген. Бағаны қатаң реттеу мүмкін емес, деп мәлімдеді Досмұхамбетов.

"Онда сауда күйрейді", -деп түсіндірді ол.

Сәбіз маусым айының соңында, жаңа өнім піскенде арзандайды деп күтілуде.