Қоғам

Бастықтарына қандай сыйлық әперетінін айтып мақтанған шенеунік жұмыссыз қалды

Бөлім басшысының міндетін атқарушы әріптестеріне пара беру тәсілін айтып, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексін бұзды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Маңғыстау облысында қызметкерлеріне пара беру тәсілін айтқан бөлім басшысы жұмыстан босатылды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Әлеуметтік желіде таралған видеода Мұнайлы ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Бахтияр Қуанышбек қызметкерлеріне облыстағы екі басқарма бастығына 50 мың теңгеге Montale атты қымбат француз әтірін сыйлайтынын айтып мақтанған.

Тіпті бастығыңа сый-сияпат жасасаң, достығың ұзағынан болады деп өзгелерге ақыл айтқан. Қымбат сыйлық жасап көңілін тапсам, орынтаққа да ұзағынан отыруға болатынын айтып қояды.

Шенеунік бұл әрекеті арқылы мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтіріп, әдеп кодексін бұзды. Сол себепті қызметінен босатылды.

Тағы оқыңыз: Желіні шулатқан видео: Маңғыстау облысында пара алған шенеунік сотталды

Белгілі болғандай, Бахтияр Қуанышбек Мұнайлы ауданы кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы міндетін атқарушы болып жақында ғана тағайындалған.

"Өзімнің басқарма бастықтарымнан кешірім сұраймын. Себебі ешқандай арамызда сыйлық бойынша келісім болған жоқ. Облыс, аудан әкімдіктерінен де кешірім сұраймын", - деді Қуанышбек.