Оқиға

Атырау облысында жеңіл көлік пен автобустың соқтығысуынан үш адам қаза болды

"Жол қозғалысы ережесін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 19 маусым – Sputnik. Атырау облысында жол апатынан үш адам көз жұмды.

"Ақ Жайық" сайтының хабарлауынша, жол апаты жұма күні, 18 маусымда күндіз болған. Күндізгі сағат төрт шамасында Доссор-Құлсары тасжолында Toyota Camry жолаушылар автобусымен соқтығысқан.  

Салдарынан үш адам сол жерде көз жұмды, тағы екеуі түрлі жарақатпен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді.

Жергілікті полицияның мәліметінше, 345-бап "Жол қозғалысы ережесін бұзу" бойынша тергеу басталды. Айта кетейік, бұл баптың төртінші бөлігіне сәйкес кінәлі адам бес жылдан он жылға дейін бас бостандығынан айырылады.