Денсаулық

Өткен тәулікте Қазақстанда 1 174 адамның коронавирус жұқтырғаны расталды

Ал бір күн бұрын республика бойынша індет жұқтырғандар саны 1 145 адам болған еді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 1 174 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны ПТР арқылы расталды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Қалалар мен өңірлер бойынша:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 372
  • Қарағанды ​​облысы - 152
  • Алматы қаласы - 105
  • Шығыс Қазақстан облысы - 90
  • Батыс Қазақстан облысы - 71
  • Атырау облысы - 62
  • Павлодар облысы - 44
  • Ақмола облысы - 38
  • Шымкент қаласы - 37
  • Алматы облысы - 37
  • Ақтөбе облысы - 34
  • Қостанай облысы - 32
  • Маңғыстау облысы - 30
  • Қызылорда облысы - 20
  • Жамбыл облысы - 18
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 16
  • Түркістан облысы - 16

Бүгінге дейін республика бойынша коронавирус жұқтырған адамдар саны 406 383 адамға жетті.