Видео

Мәскеуде ТМД экономикалық кеңесінің 90-шы отырысы өтті – видео

Тәуелсіз мемлекеттер достастығының ұлттық органдардан жоғары тұратын экономикалық органының мерейтойлық отырысы аты аңызға айналған Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесі (ХШЖК) аумағында өтті
Sputnik

Достастық елдерінің делегациялары ТМД-ға мүше мемлекеттер арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың түрлі саласын қамтитын бірқатар мәселені талқылау үшін ХШЖК-дегі "Космос" павильонына жиналды.

Соның бірі - аты аңызға айналған Мәскеу көрмесінің аумағында ТМД мемлекеттерінің сауда орталықтарын құру. Қазіргі уақытта ХШЖК-де Әзербайжан, Армения, Беларусь павильондары жұмыс істейді, ал Молдова павильоны тестілік режимде ашылды. Биыл Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан павильондары жұмысын бастайды деп жоспарланып отыр. Қазақстан павильоны 2018 жылы салтанатты түрде ашылды. Салтанатты рәсім елорда күніне орайластырылды.

Бұл көрме және сауда орталықтары биыл аталып өтетін ТМД-ның 30 жылдығына арналған іс-шараларды өткізуге белсенді қатысады деп жоспарлануда.

ТМД мемлекетаралық статистика комитеті Экономикалық кеңес аясында 2020 жылға арналған ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық дамуының негізгі мақсатты макроэкономикалық көрсеткіштері туралы есеп ұсынады.