НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым — Sputnik. Алматының Түркісіб аудандық соты Қазақстан ІІМ ҚАЖК ЛА-155/18 мекемесінің режимдік бөлім және күзет қызметкері Ережеповты алты жылға соттау туралы үкім шығарды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Ол сотталушыға арнайы құралдармен (кісен және резеңке таяқшаны қолдану) күш көрсетті деп айыпталды. Уақытша ұстау изоляторының қызметкері осы әрекеті арқылы сотталушының денсаулығына, заңды құқықтарына және мүдделеріне үлкен зиян келтірген.
Оқи отырыңыз: Ақтаудағы тергеу абақтысында түсірілген видео тарап кетті – тексеріс басталды
Ережепов Қылмыстық кодекстің 362-бабының 4-тармағы (Күш және қару немесе арнайы құралдарды қолдану арқылы билікті немесе лауазымдық өкілеттікті асыра пайдалану) бойынша сотталды.