Оқиға

Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінен өрт шықты - видео

Оңтүстік астананың шетіндегі тұрғын үй кешенінен өрт шығып, тұрғындарды шошытты
Sputnik

АЛМАТЫ, 18 маусым – Sputnik. Алматыда салынып жатқан тұрғын үй кешенінде өрт шықты. Қалалық төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, өрт сағат 10:22-де басталған.

"Салынып жатқан тоғыз қабатты "Драгон сити" тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында пластикалық құбырлар өртенді. Ол өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін сөндірілді", - деп хабарлады ведомство.

Соған байланысты қалалық төтенше жағдай департаменті құрылысшыларды жұмыс барысында өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырды.