Оқиға

Көліктің быт-шыты шыққан: Алматыда бір адам көз жұмды

Жеңіл көліктің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан арыққа өтіп, көшенің жарықтандыру бағанасына соғылған. Көліктегі жолаушы қайтыс болды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 18 маусым - Sputnik. Алматылық полицейлер салдарынан жүргізуші мен жолаушысы ауыр жарақат алған жол апатының себебін анықтап жатыр. Кейін жарақан алған әйел қалалық ауруханалардың бірінің жансақтау бөлімінде алған жарақатынан қайтыс болды.

Жол-көлік оқиғасы 18 маусым күні таңертең Сейфуллин мен Рысқұлов даңғылының қиылысы маңындағы жол айрығында болған.

Куәгерлердің айтуы бойынша Toyota Camry-40 көлігі Сейфуллин көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан. Рысқұлов көшесіне жетпей ол жолайрыққа бұрылады, алайда оның бойымен жүрудің орнына тік жүреді.  Бордюрдан ұшып өткен көлік көше жарықтандыру бағанына соғылады.

Соққының күшті болғаны соншалық жеңіл көліктің быт-шыты шығады.  Оны қалпына келтіру екіталай.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда жол апатынан жүргізуші көз жұмды

Жол апаты салдарынан Toyota жүргізушісі мен оның жолаушысы жарақат алды. Кейін қыздың ауруханада қайтыс болғаны белгілі болды.

Енді полиция апатқа не себеп болғанын анықтайды. Медициналық тексеру жасау үшін жол апаты кезінде жарақат алған жүргізушіден қан алынады.