НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрлігі өткен тәулікте індеттен қайтыс болған адамдардың санын жариялады.
Өткен тәулікте коронавирустан 8 адам, "ковидтік" пневмониядан 4 адам көз жұмды.
Сондай-ақ, 1145 адам вирус жұқтырса, тағы 57 адам пневмонияға шалдықты.
17 маусымдағы мәлімет бойынша республикада 21 132 адам коронавирус инфекциясынан (19 980 + және 1152 КВИ-) емделіп жатыр. Оның ішінде 6 468 пациент стационарда, 14 664 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында:
- 435 адамның жағдайы ауыр,
- 111 пациенттің жағдайы өте ауыр,
- 73 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.