Өңірлер

Павлодар облысының әкімі танымал музыканттың сынына жауап берді  

Өңір басшысы Павлодар облысының аумағында ядролық қалдықтар қоймасы пайда болатыны туралы айтуға негіз жоқ екенін екенін мәлімдеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым — Sputnik. Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Ысқақов осы өңірдің тумасы, танымал рэпер Скриптониттің (Әділ Жәлелов) сынына жауап берді. Рэпер кальций қосылған сода зауыты мен ядролық қалдықтар қоймасын салуға наразылық білдірген болатын.

"Павлодарда зауыт салуды тоқтатыңыздар", - деп әлеуметтік желідегі парақшасында жазған Скриптонит қойма құрылысына арналған тыңдалымнан үзінді келтірді.

Павлодар облысының әкімі танымал музыканттың сынына жауап берді  

Ал өңір әкімі қойма Павлодар облысына емес, оған тиесілі жерге қатысты екенін мәлімдеді.

"Қоймаға қатысты айтсақ, ол біздің өңірдің аумағындағы мәселе емес, онда (Павлодар облысының Май ауданында) қойманың жері орналасқан. Бұл ұзақ уақытқа созылатын жоба. Сондықтан қазір аталған қойма Павлодар облысының аумағында пайда болады деп айту дұрыс емес. Қазір алдын ала тыңдалым мен консультациялар жүріп жатыр", - деді Ысқақов.

Оның пікірінше, жобаны іске асыру үшін ең алдымен жергілікті экологияға қалай әсер ететінін анықтап алу керек.

Кальций қосылған сода зауытының құрылысы туралы шешім 2019 жылы өңірлік консультациялық кеңесте қабылданыпты. Бұл жобаны іске асыру елге 73 миллиард теңге көлемінде инвестиция алып келеді. Бүгінгі күнге дейін үш қоғамдық тыңдалым өтті.

"Соңғы қоғамдық тыңдалым белсенді сипатта өтті, біздегі экология қоғамы өте қуатты. Олардың инвесторлардың алдында жобаны егжей-тегжейлі түсіндіру бойынша талап қоя алғаны үшін алғыс айтқым келеді", - деді Ысқақов.

Қазіргі уақытта жобаның техникалық-экономикалық негіздемесін әзірлеу аяқталып жатыр. Содан кейін жоба-сметалық құжаттаманы дайындау басталады.

"Бүгінде қандай да бір сұрақтар туындап отырғанына байланысты тапсырыс беруші мен орындаушы осы жобаның жағымды және жағымсыз тұстарын атап көрсетіп, тағы да түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек деп ойлаймын. Сондықтан мен сәйкес тапсырма беремін", - деді өңір басшысы.

"Инвестициялар мен технологиялар арасында расында да күрделі таңдау тұр. Барлық рәсім қатаң сақталып, экологиялық тазалыққа қол жеткізсек, зауыт іске қосылуы мүмкін. Мұны заң да, жаңа Экологиялық кодекс те талап етеді. Менің ұстанымым осындай", - деп қорытты Ысқақов.