Қоғам

Министр: мемлекеттік қарыз белгіленген лимиттен асып кетпейді

Бүгін сенатта 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есеп таныстырылды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев Қазақстанның мемлекеттік қарызы қауіпсіз деңгейде екенін және белгіленген шектен асып кетпейтінін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Расында, дағдарысқа қарсы шараларды қаржыландыру үшін біз былтыр бюджеттің тапшылығын және қарыздарды ұлғайтуға мәжбүр болдық. Алдағы уақытта біртіндеп бюджет тапшылығын төмендету жоспарлануда. Бұл жаңадан қарыз алу қарқынын да азайтады", - деді Жамаубаев сенатта 2020 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті таныстырып.

Ол валюталық тәуекелдерді болдырмау және қарыз құралдарының жергілікті нарығын дамыту үшін барынша ішкі нарықтың өтімділігі пайдаланылатынын атап өтті.

"Мемлекеттік борыш қауіпсіз деңгейде сақталады және ол белгіленген лимиттен асып кетпейді", - деп уәде берді министр.

Оқи отырыңыз: Мемлекеттік қарыз өсіп барады: сарапшылар Қазақстанды не күтіп тұрғанын айтты

Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунованың мәліметінше, Қазақстанның мемлекеттік қарызы 20,6 триллион теңгеге жетті. Ал оның жалпы ішкі өнімге арақатынасы 29,4%-ті құрайды.