Спорт

Хабиб Нұрмағамедов Қазақстанға келді

Нұрмағамедов Алматыда өтетін аралас жекпе-жек турнирінің арнайы қонағы болады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым - Sputnik. Танымал UFC жекпе-жек шебері Хабиб Нұрмағамедов Алматыға келді.

Спортшы қалада серуендеп жүрген кездегі суреттерін жариялады.

"Алматы, біз келдік. Турнирде кездескенше", - деп жазды ол Instagram-да.

Хабиб Нұрмағамедов сонымен қатар Eagle Fighting Champiomship - EFC 37 аралас жекпе-жектен лигасы бойынша турнир өтетінін, онда арнайы қонақ болатынын айтты.

Онымен бірге тағы бір танымал спортшы Мовсар Евлоев бар. Ол күні кеше 29 жастағы канадалық Хаким Даводуды жеңді.

Нұрмағамедов пен Евлоев Алматыдағы жарыс жолына да барды.