Өңірлер

Ақтөбелік мамандар сатылып жатқан қарбыздың қаупі туралы ескертті

Ақтөбе базарларындағы қарбыздан нитрат мөлшерден үш есе көп шыққан
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 17 маусым – Sputnik. Қазір қарбыз жеу қауіпті. Ақтөбедегі коммуналдық базарда бұл бақша дақылын сатуға әзірге тыйым салды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Сынама алған мамандар нитраттардың мөлшерден үш есе асып кеткенін анықтаған.

"Бірінші партиясынан сынама алғанда нитраттың мөлшерден көп екенін анықтадық. Қазір сатып жатқан жоқпыз. Нитрат үш есе көп болды, бұл өте қауіпті", - дейді коммуналдық базар әкімшісі Асқарбек Қойлыбаев.

Ақтөбеге қарбыз оңтүстік өңірлерден жеткізіліп жатқанына екі аптадай болды. Қазір тек комуналдық базарда ғана сатылмайды. Ал қалған сауда орындарында келісі 400-450 теңгеден толып тұр.

Бірақ санитар мамандар қарбызды жаппай тексеруге құқығымыз жоқ деп отыр. Тек адам уланып немесе сауда орындары мен базарға қатысы арыз түссе ғана сынама алады екен.

Ал қарбыздағы нитраттың көп болуы адам денсаулығына қауіпті. Қатты уланып, іш құрылысын зақымдауы мүмкін.