Өңірлер

Шығыс Қазақстанда тауда жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың тағдыры не болды

Қыз Зайсандағы туыстарына Қапшағайдан қонаққа келген, сол күні олар отбасымен жайлауға тауға барған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысында полицейлер 11 жастағы қызды түні бойы іздеді.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, түнгі сағат 12-де Зайсан ауданының полиция бөліміне қыз бала жоғалғаны туралы хабарлама түскен. Ол жайылымнан қайтқан малдың алдынан шығамын деп, белгісіз бағытқа кетіп қалған.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында жоғалып кеткен жігіттің денесін тас басып қалған 

Оқиға орнына дереу жедел тергеу тобы аттанып, қараңғы түскеніне  қарамастан тауда іздеу жұмыстарын бастады.

Төрт сағаттан кейін қыз табылып, туыстарына тапсырылды.

Шығыс Қазақстанда тауда жоғалып кеткен 11 жастағы қыздың тағдыры не болды

Белгілі болғандай, қыз Қапшағай қаласынан Зайсанға туыстарына қонаққа келген.

Сол күні қыз бен оның туыстары Зайсаннан 150 шақырым жерде тауда орналасқан жайлауға мал айдап барған.

Баланың туыстары іздеуді жедел ұйымдастырғаны үшін полицейлерге алғысын білдірді.