Қоғам

Тоқаев бүгін Ислам ынтымақтастығы ұйымының екінші саммитіне қатысады

Алғашқы саммит 2017 жылдың қыркүйегінде елордада өткен болатын
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым – Sputnik. Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі екінші саммитіне қатысады.

Бейнебайланыс арқылы жиын бүгін Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 15:00-де басталады, деп хабарлады президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.

"Ғылым, технология және инновация: жаңа белестерге жол ашу" деген тақырып бойынша өтетін виртуалды саммитке Біріккен Араб Әмірліктері төрағалық етеді.

Жиында ғылым, технология және инновация салаларындағы өзара ықпалдастық мәселесі, сондай-ақ 2026 жылға дейінгі аталған бағыттардағы ислам ынтымақтастығы ұйымы бағдарламасының жүзеге асырылу барысы талқыланады.

Оқи отырыңыз: Түркі тілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті басталды

Айта кетейік, Ислам ынтымақтастығы ұйымының ғылым және технология жөніндегі саммиті Қазақстанның бастамасымен өтіп келеді. Алғашқы саммит 2017 жылдың қыркүйегінде елордада өтті.

Саммиттің тікелей көрсетілімін мына сілтеме бойынша көруге болады.