Өңірлер

Семейде 25 жастағы әйел 4-қабаттан құлап кетті

Қыз тірі қалды, жағдайы орташа ауырлық деңгейінде, дейді дәрігерлер
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 16 маусым - Sputnik. Семей қаласының тұрғыны терезе жуып жатып терезеден құлап кетті, деп хабарлайды Semeynews.kz порталы.

Қыз кіреберіс үстіне құлаған. Сондықтан құтқарушылар оны арнайы техниканың көмегімен алып кетті.

Оқи отырыңыз: Мәскеуде қазақстандық қыз 86-қабаттан құлап кетті – БАҚ

Жиырма бес жастағы әйел ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оның жағдайын орташа ауырлық деңгейде деп бағалады.