Фото

Картиналарға "жан бітті": Нью-Йорктегі Ван Гог мультимедиялық көрмесі – фото

Sputnik

Нью-Йоркте Ван Гог шығармашылығына жақыннан үңілуге және экстремалды импрессиноистің қолынан шыққан картиналардың бір бөлігіне айналуға мүмкіндік беретін таңғажайып мультимедиялық көрме өтті. 

Бұған дейін дәл осы көрме Американың басқа қалаларында да сәтті ұйымдастырылып, өнерсүйер қауымның жоғары бағасына ие болды.

"Иммервисті Ван Гог" көрмесі – бүкіл әлемге танымал цифрлық өнер шебері Массимилиано Сиккардидің еңбегі. Көрмені тамашалағандар "жан біткен", анимацияланған картиналармен етене бітісе алады.

Еденнен ғимарат төбесіне дейін созылған аса биік күнбағыс адамдарды қаншалықты таңғалдырғанын айтпаса да түсінікті болар. Ван Гог "Күнбағыстары" көрерменді қаумалап алғандай әсер береді.

Ал "Жұлдызды аспанға" көз салған кей көрермен тіпті көзіне жас алатын көрінеді. Себебі тұңғиық аспан іштегі алай-дүлей сезімді оятатыны анық.

Бұл көрмеде импрессионистің бірқатар танымал картинасы ұсынылған. Олардың қатарында суретшінің автопортреті де бар. Сондықтан бұл Ван Гогтың жүзіне баппен үңілудің қайталанбас сәті болады.

Өнертанушылар болашақта көптеген картина дәл осы мультимедиялық форматта ұсынылатынын болжауда. Себебі өнерді жоғары бағалайтын азаматтар үшін бұл суретшінің шығармашылығымен, туындыларымен тереңірек танысудың мүмкіндігі.

1 / 13
Заманауи цифрлық технологиялар ХІХ ғасырдың ұлы импрессионисінің қолынан шыққан туындыларға жан бітірді. Суретте: "Иммерсивті Ван Гог" көрмесіне келушілер суретшінің "Күнбағыс" атты картинасын тамашалап тұр.
2 / 13
Суретте: Ван Гогтың "Жұлдызды аспан астындағы Рона" картинасының проекциясы. Анимацияланған аспан мен жұлдыздарға қараған кейбір көрерменнің көңілі босайды екен.
3 / 13
"Иммерсивті Ван Гог" мультимедиялық шоуына келушілер картиналардың ішіне енгендей күй кешеді.
4 / 13
Цифрлық өнердің ерекше көрмесі заманауи технологиялар мен әлемдік деңгейдегі анимацияны қамтиды.
5 / 13
Бұл Ван Гог шығармашылығын бағалайтындар үшін суретшінің туындыларын тамашалаудың керемет әдісі.
6 / 13
Ван Гогтың "Картоп жеп отырғандар", "Жұлдызды аспан", "Күнбағыс", "Арльдегі суретшінің жатын бөлмесі" сынды туындыларының анимациясы көрме бөлмелерінің қабырғалары, төбесі және еденіне дейін төселген.
7 / 13
Осы тектес мультимедиялық шоу АҚШ-тың бірқатар ірі қаласында сәтті өтті.
8 / 13
Көрмені өткізу кезінде коронавирустың таралуына жол бермейтін барлық сақтық шаралары қарастырылып жатқанын ескеру керек.
9 / 13
Картиналардың цифрлық проекцияларынан бөлек бөлме қабырғалары мен еденіне әлеуметтік қашықтықты сақтауға арналған арнайы белгілер орналастырылған.
10 / 13
Бұл мультимедиялық шоуды өнертанушылар мен жұртшылық өте жоғары бағалады.
11 / 13
Бөлменің төбесіне дейін жететін алып күнбағыстар көрерменді қоршап алғандай әсер қалдырады.
12 / 13
Ұлы импрессионистің иммерсивті шоуының билеті 20-70 доллар шамасында тұрады. Алайда көркем сурет өнерін бағалайтындар Ван Гог туындыларын айрықша форматта тамашалау үшін ақша аямайды.
13 / 13
Көрме барысында Винсент Ван Гогтың танымал туындыларымен жақын танысып, ерекше сезімді бастан кешіруге болады. Суретте: көрермендер қалпақ киген ұлы суретші-постимпрессионистің автопортретін тамашалап тұр.