Видео

Алматы зообағындағы сурикаттар жұртшылық көзайымына айналды  - видео

Красноярск "Роев Ручей" флора мен фауна паркінен Алматы зообағына әкелінген он сурикат жаңа жерге үйренбей жатып, бақ қызметкерлерін қуантты
Sputnik

Алматы хайуанаттар бағында сурикаттар бұрыннан бар болғанымен, соңғы уақытта саны азайып кеткен еді.

Сырт көрінісі сарышұнаққа ұқсайтын бұл сүтқоректілерге деген қызығушылық келушілер тарапынан өте жоғары. "Арыстан патша" мультфильміндегі Тимонның кейіпкерін еске түсіретін сурикаттар кішкентай қонақтардың сүйікті жануарына айналды.    

"Сурикаттар бірнеше отбасыдан құралған колониямен өмір сүреді. Ол отбасылар әрқашан бір-бірімен жауласады, сондықтан бақтағы бұрыннан бар сурикаттарды басқа жерге орналастырдық да, жаңа келгендерді осы жерге қалдырдық. Аумақ көлемі жиырмаға жуық жануардың жайлы өмір сүруі үшін қолайлы", - деді Алматы зообағындағылар.

Зообақ қызметкерлерін сурикаттар жаңа жерге келгеннен кейін екі апта ішінде қуантты. 

"Қазір олар өздерін жақсы сезінеді, көп уақытын далада өткізеді. Ересектердің әрекетін мұқият бақылап, олардың мінез-құлқын көшіруге тырысады", - дейді зообақ әкімшілігі.

Оқи отырыңыз: Алматы зообағындағы гималай аюлары қылықтарымен жұртты тәнті етуде – видео

Сурикаттар зообақ қонақтарының назарына үйреніп алған, қорықпайды. Сүйікті ісі күнге қыздырынумен әлек болады. Осы уақытта олар күлкілі әрекеттер жасайды. Келушілер де осы мезетті пайдаланып, фотоға түсіріп алады. Сондықтан болар, сурикаттардың күлкілі суреттері желіде тез таралады.