Өңірлер

Қазақстанда індет жұқтырған адамдар саны азая бастады

Өткен тәулікте Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды ​​облысындағы 100-ден астам адамдан коронавирус анықталды
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 15 маусым - Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте 757 адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі.

Ал бір күн бұрын республика бойынша індет жұқтырғандар саны 1 118 адам болған еді.

Оқи отырыңыз: Мутацияланған коронавирусты кім тасымалдайтыны анықталды

Қалалар мен өңірлер бойынша статистика:

  • Нұр-Сұлтан қаласы - 181
  • Қарағанды ​​облысы - 161
  • Шығыс Қазақстан облысы - 67
  • Алматы қаласы - 65
  • Павлодар облысы - 47
  • Ақмола облысы - 36
  • Батыс Қазақстан облысы - 33
  • Қостанай облысы - 33
  • Алматы облысы - 30
  • Атырау облысы - 27
  • Жамбыл облысы - 22
  • Түркістан облысы - 18
  • Қызылорда облысы - 15
  • Маңғыстау облысы - 7
  • Ақтөбе облысы - 6
  • Солтүстік Қазақстан облысы - 5
  • Шымкент қаласы - 4

Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 402 996.