НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым – Sputnik. Ресейдің Новосибирск қаласындағы жанармай бекетінде өрт шығып, резервуарлар жарылды.
Бұл туралы РИА Новости төтенше жағдайлар қызметіне сілтеме жасап хабарлады.
Өрт орнында жарылыс болды, соған байланысты құтқарушылар қауіпсіз қашықтықта жұмыс істеді.
Облыстық денсаулық сақтау министрлігінің өкілі төтенше жағдай салдарынан 21 адам зардап шеккенін, олардың сегізінің жағдайы ауыр екенін айтты.
Мәскеу уақытымен сағат 15:56-да өрт 1,2 мың шаршы метр аумақта оқшауланды, сағат 17.03-те ашық жалын сөндірілді, деп хабарлады Ресей төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі.