Денсаулық

"Қызыл" аймақта Нұр-Сұлтан ғана қалды

"Сары" аймақта Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары тұр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 14 маусым — Sputnik. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 14 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасын жариялады.

  • "Қызыл" аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы.
  • "Сары" аймақта: Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары.
  • "Жасыл" аймақта: Алматы, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Түркістан облыстары.

Өткен тәулікте Қазақстанда 967 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды.

Оқи отырыңыз: Алматы коронавирус бойынша "жасыл" аймаққа өтті