Өңірлер

Ақмола облысында көршісімен жанжалдасып қалған әйелдің қылмысы әшкереленді – фото

Целиноград ауданында 20 жастағы әйел көршісінің он тонна шөбін өртеп жіберді. Күдікті қылмысын мойындады
Sputnik

АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Ақмола облысында әйел көршісінің 10 тонна шөбін өртеп жіберді. Ақмола облысы полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға 12 маусымда болған.

Сол күні Целиноград аудандық полиция бөліміне ауылдың 60 жастағы тұрғыны арызданған. Әйел өрт туралы хабарлаған.

Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері арызданушының көршісі мас күйінде жәбірленушінің ауласында тұрған 10 тонна шөпті өртегенін анықтады. 20 жастағы әйел қылмысын мойындады.

Оның сөзінше, екі үй учаскесінің ортасындағы жерге көршісі шөп түсірген соң арада дау-дамай туған. Келісімге келе алмаған соң әйел шөпті өртеп жіберген.

Қазір осы факті бойынша Қазақстан Қылмыстық кодексінің 202-бабы 2-бөлігі (Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру) бойынша сотқа дейінгі іс басталды.