Қоғам

40 градус ыстық: синоптиктер ертең ауа райы қандай болатынын хабарлады

Ауа температурасы батыста, солтүстік-батыста күндіз 30-40 градусқа дейін, солтүстікте 30-35 градусқа дейін көтеріледі
Sputnik

АЛМАТЫ, 14 маусым – Sputnik. Қазақстанда ауа температурасы біртіндеп жоғарылайды, деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, 15 маусымда Қазақстанның басым бөлігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, жел күшейеді. Елдің оңтүстігінің жекелеген аудандарында шаңды дауыл тұрады.

Оқи отырыңыз: Маусымда ауа райы қандай болады 

Ауа температурасы батыста, солтүстік-батыста күндіз 30-40 градусқа дейін, солтүстікте 30-35 градусқа дейін көтеріледі. Республиканың орталығында, шығысы мен оңтүстік-шығысында 25-38 градусқа дейін, оңтүстікте 35-40 градусқа дейін біртіндеп көтеріледі.

Мегаполистердегі ауа райы

15 маусымда Алматыда күн ашық болады, ауа температурасы күндіз +13...+25, кешке +20 градусты көрсетеді.

Ал Нұр-Сұлтанда жауын жаумайды. Күн ашық болып, ауа температурасы +15...+28 градусқа жетеді.

Шымкентте күн ашық, +19...+31 градус ыстық болады.