Әлем

Тұрақтағы көліктер жер астына түсіп кетті – жантүршігерлік видео

Иерусалимде автотұрақ орналасқан жер опырылып түсті. Үлкен шұңқырға бірнеше көлік құлап кетті  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 12 маусым – Sputnik. Иерусалимде асфальт опырылып түсті. Соның салдарынан пайда болған шұңқырға бірнеше көлік құлап кетті.

Төтенше жағдайлар қызметі автокөліктерді шұңқырдан кранның көмегімен шығарған. Көліктердің барлығы жарамсыз болып қалды, деп жазды RT.

Оқиғаның видеожазбасы Global News YouTube арнасында жарияланды. Барлығы үш көлік жер астына кеткен. Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ – бұл көліктерде жүргізушілер мен жолаушылар болмаған.  

Оқыс оқиға "Шаарей-Цедек" медициналық орталығының жанында болды. 

Жол опырылып түсіп, алты адам қаза тапты

Жердің опырылуына нақты не себеп болғаны әзірге белгісіз. Жақын маңда жұмысшылар түнел салып жатқан, төтенше жағдайға осы себеп болуы мүмкін.

Қазір оқиғаның салдарын жоюмен коммуналдық қызметтер айналысып жатыр. Келтірілген шығынның көлемі алдағы уақытта анықталады.