Саясат

"Бұл әзіл емес": шетелдік саясаткерлер Тоқаев туралы қандай ойда екенін айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев атқаратын қызметіне қарамастан, әрқашан өз болмысын сақтап келеді, деп атап өтті Ресей сыртқы істер министрлігінің басшысы Сергей Лавров
Sputnik

АЛМАТЫ, 12 маусым – Sputnik. Белгілі саяси қайраткерлер Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев туралы ойын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров Тоқаевтың "өз міндетіне, халқына" деген адалдығын атап өтті.

"Бұл әзіл емес, бұл асыра сілтеу емес. Бұл Қасым-Жомарт Кемелұлын жақсы танитындардың бәріне таныс дүние. Екіншісі – жоғары эрудиция, шет тілдерді де, халықаралық мәселелерді де жақсы білу. Бұдан да маңыздысы – өз елін жақсы білу", - деді Лавров "Хабар" телеарнасындағы "Преодоление" деректі фильмінде.

Тоқаев – атқаратын қызметіне қарамастан, өз болмысын сақтап қала беретін адам, деп толықтырды ойын Лавров. Қазақстан басшысы достарына, кәсібіне адал, деді ол.

"Біз онымен көп жыл бойы араластық, оның ішінде министр болмай тұрған кезеңде, министрлікте қызмет етіп жүрген күннен бері таныспыз. Ол министр болған кезде біздің қарым-қатынасымыз тұрақтала түсті, бір-біріміздің елімізге ресми сапармен барып, келіссөз, кеңестер жүргіздік. Содан кейін сенат төрағасы болған кезде Астанаға (қазіргі Нұр-Сұлтан – Sputnik) әрбір сапарым кезінде үнемі оның қабылдауында болдым, бұл маған ерекше рахат сыйлады", - деді Лавров.

Ол сондай-ақ Тоқаевпен әңгімелесу ашық, стандарттан тыс түрде өткенін айтты.

"Адамдардың әзілді түсіне білу сезімі жақсы болған кезде, бір-бірін бұрыннан танитын болса, кездескен кезде атын атап сөйлесуді жоғары бағалаймын, бұл Қасым-Жомарт Тоқаевтың қасиеті – ол достарына деген қарым-қатынасын өзгертпейді. Әрине, бұл ресми функцияларды орындауға қатысты емес жайттар, мұнда өте белгілі жүйе бар. Алайда әзіл айтып, күліп отыруды ешкім жоққа шығара алмайды", - деп толықтырды Лавров.

Тағы оқыңыз: Ресейлік журналист Тоқаев жайлы авторлық хабарын жариялады

Қырғызстанның бұрынғы президенті Роза Отынбаева Тоқаев "біздің өңірдегі ең мықты дайындалған көшбасшылардың бірі" деп мәлімдеді.

"Біз Қазақстанның қазіргі президентімен алғаш рет 1987 жылы, өткен ғасырда кездестік. Ол сол кезде КСРО-ның Бейжіңдегі елшілігінде жас дипломат болып жүрді. Сол кездің өзінде оған үлкен үміт артылды. Сингапурдан келген кезі, тәжірибесі де болды. Содан бері ұзақ уақыт бойы қатар жүруге тура келді. Менің ойымша, біз екеуіміз де өте маңызды жұмыс атқардық: біз өз елдерімізді әлем картасына түсірдік. Қазақстанның әлемге ашылуы: бұл қандай ел, елдің мақсаты қандай, қандай мәселелері бар, әрине, осы жоғары дипломаттың жұмысы мен ақыл-ойының атқарған ісі... бұл адам Орталық Азияны бір қалыпта ұстай алады", - деді Отунбаева.

Тоқаев туралы "Преодоление" фильмі

Екі бөлімнен тұратын "Преодоление" деректі фильмі мемлекет басшысы тұлғасының қалыптасу тарихын баяндайды.

Бірінші бөлім Тоқаевтың өмірбаянынан қызықты фактілерге арналған.

Екінші бөлімде көрермен саяси қызметтің тиімділігін бағалап, Қасым-Жомарт Тоқаевтың әлемдік аренадағы сіңірген еңбегі туралы біле алады.

Екінші бөлім 12 маусымда сағат 22.00-де көрсетіледі деп жоспарланған.

Деректі фильмнің екі бөлімін де қайталап 13 маусым сағат 22.00 және 22.40-та көруге болады.