Қоғам

Қыркүйекте оқушылар мектепке бара ма – Аймағамбетов жауап берді

Оқушылар дәстүрлі форматқа оралу үшін қарапайым санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және вакциналау сияқты ең негізгі шарттар орындалуы керек, деді министр  
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым – Sputnik. Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жаңа оқу жылында мектептер ашылуы мүмкін екенін жоққа шығармады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Жаңа оқу жылында біз мектептерді ашып, оқушылар дәстүрлі форматқа оралады деген үміттеміз. Бірақ әрине бұл үшін ең негізгі шарттар орындалуы керек: бұл қарапайым санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтау және вакциналау. Сондай-ақ өңір "қызыл" аймақта тұрмауға тиіс, "жасыл" аймақта болғаны жақсы", - деді Аймағамбетов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Министр вакиналау қарқыны мен аурушаңдықтың төмендеуі оқу жылының басталуына оптимистік көзқараспен қарауға мүмкіндік беретінін атап өтті.

Оқи отырыңыз: Қыркүйектен бастап студенттер 31 мың теңге алады 

Бұған дейін Асхат Аймағамбетов қыркүйектен бастап студенттердің стипендиясы қаншаға көтерілетінін айтты.

Сондай-ақ осы жылы бөлінетін гранттар санына да тоқталды.