Оқиға

Алматыда ірі өрт болды

Өрт кәуап жасайтын бөлмеде басталып, жалын кафенің, дүкеннің ғимаратына және екінші қабатқа жайылған
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 11 маусым - Sputnik. Бейсенбі күні кешке Алматының Бостандық ауданындағы Розыбакиев көшесінде орналасқан BRASS PUB дәмханасында өрт шықты, деп хабарлады қалалық төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт сөндірушілер оқиға орнына 23.26-да келді. Олар өрттің ас үйден (кәуап жасайтын бөлмеден) жанындағы дүкенге және әкімшілік ғимаратының екінші қабатына жайылғанын анықтады.

Өртті бір сағаттан астам уақыт ішінде 19 техниканың көмегімен 70 өрт сөндіруші сөндірді.

Осылайша, өрт 00.57-де оқшауланып, 01.05-те жалпы алаңы 260 шаршы метр толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда отыздан астам мотоцикл түгі қалмай жанып кетті - фото

Қабылданған шаралар нәтижесінде іргелес үш қабатты кеңсе ғимараты мен BRASS PUB дәмханасы сақталды.