Экономика

Тоқаевтың қатысуымен шетелдік инвесторлар кеңесінің отырысы басталды

33-ші пленарлы отырыс "Шикізаттық емес экспортты дамыту" тақырыбына арналған, шараға Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып жатыр
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Қазақстан президенті жанындағы шетелдік инвесторлар кеңесінің пленарлы отырысы басталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстан 2021 жылы 15 трлн теңге инвестиция тартуды жоспарлап отыр
Жиын мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатыр. Шараға қазақстандық және шетелдік тараптардан Кеңес мүшелері қатысуда.

33-ші пленарлы отырыс "Шикізаттық емес экспортты дамыту" тақырыбына арналған.

Журналистер үшін "Қазмедиа орталығында" баспасөз орталығы ұйымдастырылды.

Трансляция елорда уақытымен 16:00-де басталды.

Шетелдік инвесторлар кеңесі – Қазақстан президенті төрағалық ететін кеңестік-консультативтік орган. Ол 1998 жылы ел үкіметі мен шетелдік инвесторлар арасында тікелей диалог орнату мақсатында құрылды.

Кеңесте шетелдік инвесторлардың Қазақстандағы қызметімен байланысты мәселелер және республиканың инвестициялық ахуалын жақсарту жайы талқыланады.