Экономика

Министр Қазақстан экономикасындағы оң өзгеріс туралы айтты

Ерғалиевтің айтуынша, ішкі сұраныстың тұрақтануы аясында қызмет көрсету саласында өсім 0,8%-ке дейін жеделдеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 10 маусым – Sputnik. Қаңтар-мамыр қорытындысы бойынша Қазақстанның жалпы ішкі өнімінің өсу қарқыны 1,6 процентті құрады. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

"Мамыр айында елдегі іскерлік белсенділіктің жақсаруы жалғасты. Осы жылдың қаңтар-мамырында экономиканың қалпына келу өсімінің қарқыны 1,6%-ға дейін жеделдеді", – деді ол үкімет отырысында.

Ол нақты сектор экономика өсімінің драйвері болып қалғанын атап өтті. Нақты сектордағы өсім – 7,4%.

Сондай-ақ қызмет көрсету секторы қарқынды өсім байқалды. Экономиканың өндіруші емес секторларында жоғары инвестициялық белсенділік сақталуда.

Ішкі сұраныстың тұрақтануы аясында қызмет көрсету саласында өсім 0,8%-ке дейін жеделдеді, деп толықтырды Ерғалиев.

Оқи отырыңыз: Жалған құжат жасайтындар көбейген: Ақорда көлеңкелі экономика туралы деректер жариялады

Сонымен қатар, қаңтар-сәуірде сыртқы сауда тауар айналымы 28,1 миллиард долларды құрады, оның ішінде экспорт – 16,7 миллиард доллар. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 16,2%-ке өсіп, 5,4 миллиард долларға дейін жетті.

"Осылайша 5,3 миллиард доллар деңгейінде оң сауда балансы қамтамасыз етілді", – деді министр.

Ал тауарлар импорты 11,4 миллиард долларды құрады.