НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанда өткен тәулікте коронавирус инфекциясынан он бес, пневмониядан үш адам қайтыс болды, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
Бұған дейін коронавирус пен пневмониядан 26 науқастың көз жұмғаны хабарланған еді.
Ресми мәліметтер бойынша пандемия басталғалы коронавирус инфекциясы 4 111 адамның, "ковидтік" пневмония 3 398 адамның өмірін қиды.
9 маусымдағы жағдай бойынша 22 821 адам коронавирустан емделіп жатыр. Стационарларда 7 640 пациент, емханаларда 15 181 науқас ем қабылдауда.
538 пациенттің жағдайы ауыр, 114 адам хәл үстінде жатыр, 81 науқас жасанды тыныс алдырту аппаратына қосылған.
Өткен тәулікте 1 000 қазақстандықтың COVID-19 жұқтырғаны анықталды, тағы 119 науқас "ковидтік" пневмонияға шалдыққан.