Қоғам

Жаңбыр жауып, күн салқындайды: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады

Еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, орталықта және оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауады
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым – Sputnik. Қазақстанда алдағы үш күнде бірнеше өңірде күн салқындайды, деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, оңтүстік циклоны Қазақстан аумағында әлі де тұрақтайды.

"Осыған байланысты алдағы үш тәулікте еліміздің басым бөлігінде жаңбыр жауады, орталықта және оңтүстік-шығыста нөсер жаңбыр жауып, жел күшейеді. Бұршақ жаууы мүмкін", - делінген хабарламада.

Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс бөлігіндегі ауа температурасының төмендеуіне суық скандинавиялық антициклон ықпал етеді.

Бұл өңірлерде  термометр бағаны түнде плюс 2-10 градус, күндіз 15-20 жылыны көрсетеді. Оңтүстікте түнде 7-18 градус жылы, күндіз 22-35 градус жылы.

Оқи отырыңыз: Маусымда ауа райы қандай болады

Батыс аймақтарда ауа температурасы түнде 15-23 жылы, күндіз 25-37 жылы болады.