Әлем

НАТО Украинада әскери оқу-жаттығуларға дайындалып жатыр

Sea Breeze оқу-жаттығулары Украина аумағында 1997 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді
Sputnik

НҰР-СҰЛТАН, 9 маусым - Sputnik. Украина НАТО-мен бірлескен Sea Breeze 2021 атты соңғы жылдардағы ең ірі оқу-жаттығуларына дайындалып жатыр. Осы шара аясында Украинаға мыңдаған сарбаз, жүздеген техника, ондаған ұшақ пен кеме жеткізілді, деп жазды РИА Новости.

Sea Breeze оқу-жаттығулары Украина аумағында 1997 жылдан бері тұрақты өткізіліп келеді. Алайда осы жылы қатысушылар қарасы көп көрінеді. Украина қарулы күштерімен бірге әлеуетті түрде НАТО құрамына кіретін тағы 27 мемлекеттің сарбаздары мен офицерлері жаттығатын болады.

Украина әскери ведомствосының ресми баспасөз хабарламасына сәйкес, маневрлерге төрт мыңға жуық әскери қызметкер, 40 әскери кеме, қайық пен көмекші кеме, 30 ұшақ пен тікұшақ, сондай-ақ 100-ден астам жердегі техника қатысады.

Оқу-жаттығу сценарий бойынша коалициялық топ "көрші мемлекеттің билігі жан-жақты қолдау көрсетіп отырған заңсыз қарулы құрылымдардың" әрекетінен туындаған "дағдарысты жағдайды тұрақтандыру" орындалады.

Жағдай шиеленісіп барады: Ресей мен Украина қатынасы қалай өрбиді

Оқу-жаттығулардың теңіздегі құраушы көпұлтты кеме бірігуін қалыптастыру мен үйлестіруге, флоттың құрлықтағы әскер мен авиациямен өзара әрекеттесуін ұйымдастыруға және теңіз десантын қолдануға бағытталған. Құрлықта олар НАТО стандарттары бойынша операцияларды штабты жоспарлаумен, күштер мен құралдарды көшірумен және теңіз бағытында шабуыл жасауды пысықтаумен айналысатын болады. Авиация әуеден барлау жүргізіп, нысаналарға соққы жасайды және әскер мен жүкті тасымалдайды.

Маневрлер екі кезең бойынша жүзеге асырылады.  Маусымда басталатын бірінші кезең аясында басқару және байланыс бекеттері орналастырылады, операциялар жоспарланады, соғыс кемелерінің жасағы құрылады және авиацияны орталық аэродромдарға қайта жасақтайды. Екінші кезеңде одақтастардың әскерлері қолда бар барлық қару-жарақ арқылы әлеуетті қарсыластың жер үсті мен су астындағы кемелеріне соққы жасайды, жердегі нысандарға шабуыл жасайды, сонымен қатар әуедегі және кемеге қарсы қорғанысты ұйымдастырады.

Алайда мұндай ауқымды оқу-жаттығулардың Ресей шекарасына жақын маңда өтуі Мәскеуді алаңдатып отыр. Ресей Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі генерал-майор Игорь Конашенковтың айтуынша, әскери ведомство Sea Breeze оқу-жаттығуларын жіті қадағалайтын болады.

Оқи отырыңыз: АҚШ кемелері Қара теңіз аумағына кіруін тоқтата ма?

Генерал "мәртебесі мен атауы бойынша бұл оқу-жаттығулар теңіздегі шара болғанымен, әскери белсенділік шекарасы Қара теңіз акваториясындағы укриан учаскесінен тыс шығып отыр" деген пікір білдірді.

Sea Breeze – соңғы уақытта Қара теңізде НАТО өткізіп отырған жалғыз оқу-жаттығу емес.  Мамырда Португалия жағалауында Steadfast Defender әскери-теңіз оқу-жаттығулары өтті. Мұндағы әскери техника жақын уақытта Қара теңізге қарай ығысуы керек.

Британдық Daily Mail газетінің пікірінше, бұл оқу-жаттығулар Женевада маусымның ортасында Владимир Путин мен Джо Байденнің кездесуі қарсаңында әдейі ұйымдастырылып отыр. Ал Солтүстікатлантикалық альянс бұл маневрлердің Ресейге еш қатысы жоқ екенін айтуда.